Словакиялық шеберлер жасаған жалпақ AirCar аэродинамикалық тіреуі аса дамыған суперкар сияқты көрінеді. Автокөлікті ұшаққа айналдыру үшін тиісті батырманы басса болды, қалғанын автоматика жасайды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктің бүктелген қанаттары жазылып, артқы бөлігі мен рөлі ұзарады. Бұл процесс үш минут уақыт алады.
Көлік 140 ат күшіне ие 1.8 литрлік BMW арқылы қозғалады. Екі адам сыятын модельдің салмағы 1100 кг. AirCar мың шақырымға ұша алады, 200 км жылдамдықпен қалықтаса, сағатына 18 литр отын жұмсайды.

Аэромобиль өткен аптада Словакиядағы Пьештян әуежайында екі рет ұшып, төңіректі еш кедергісіз айналып шықты. Өнім авторы Стефан Кляйн көлікті басқару қиын емес екенін және жүргізушіні ұшқышқа қайта квалификациялау процесі көп уақыт қажет етпейтінін айтты. Қанатты көліктің сатылатын нұсқасы бір-екі жылда жарық көреді деп жоспарланып отыр, оған анағұрлым қуатты мотор орнатылады. Ал бағасына қатысты мәлімет жоқ.
- Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!Воркшоптардың арқасында қатысушылар пайдалы білім мен дағдыларға ие болды, серіктестермен және клиенттермен жаңа таныстар жасады, сондай-ақ өздерінің бизнес-стратегияларын жақсартты. Бағдарлама кәсіпкерлерге табысқа жету және олардың идеяларын алға жылжыту үшін маңызды қадамдар жасауға көмектесті. Акселерация барысында бизнесті жүргізудің практикалық аспектілеріне, соның ішінде қаржылық жоспарлауға, маркетингтік стратегияларға және құқықтық мәселелерге ерекше назар аударылды. Бағдарламаның спикерлері мен тәлімгерлері…
- «МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІШымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «Менің шуақты қалам!» атты сурет салу байқауы өткізілді. 🔸Байқаудың басты мақсаты-талантты, өнерлі балаларға қолдау көрсету, қылқалам өнерін насихаттау, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. 🔸Байқау ережесіне сәйкес балалар асфальтта, моьбертте сурет салудан сынға түсті. 🔸Нәтижесінде барлық байқауға қатысушылар мен тәрбиешілерді аудан…
- КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ«Қала күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қаратау ауданы әкімінің дәстүрлі кубогі өткізілді.▫️Аудан әкімі кубогіне 3 рет өткізіліп отырған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшылар қатысты.▫️Негізгі идея – спорттың барлық қырларын көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос…
- ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТӘлеуметтік кеселге айналып кеткен жемқорлықпен күрес – мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан біздің еліміз үшін өте маңызды. Жемқорлық – әлеуметтік құбылыс ретінде саясатты да, экономиканы да, басқару жүйесін де кері тартатын механизм. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру…