Санатталмаған

ФИРДАУСИДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АҒАЙЫН БОЛЫП КЕТТІК

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы №42 М.Тоқжігітов мектебі эвакуациялық пункт болып бекітіліп, оған Келес ауданы әкімдігі жауапты болу тапсырылған. Жалпы аталған эвакуациялық пунктте 120 Фирдауси ауылының тұрғындары жайғасқан.

Тұрғындар 3 мезгіл ыстық тамақпен, қажетті киім-кешекпен толық қамтылған. Эвакуациялық пунктте жауапты болып Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінің бас маман іс басқарушысы Сәбит Ботбаев тағайындалған. Келестік мемлекеттік қызметкер: «Қазір Фирдаусидың тұрғындарымен ағайын болып, жақын болып кеттік. Мұндағы халықтың дені тәжік ұлтының азаматтары болса да қазаққа жаны жақын екен. Дегенменмен бәріміз мұсылманбыз ғой, көмектесу борышымыз. Тағы қызыға қараған тұсым осы мектеп орналасқан Есентаев ауылының тұрғындарына бес кеттім.

Себебі күнде зардап шеккен тұрғындардың жағдайынан хабар алып, кем-кетігін түгендеп кетеді. Одан бөлек бүгін Құрал және Марат есімді азаматтар келіп фирдаусилық азаматтардың шашын қысқартып, сақал мұртын ретке келтіріп кетті. Одан қалса 2 жуынатын душ орнатты» – дейді. Ел басына күн туғанда елдігімізді көрсеткен жерлестерімізбен қанша мақтансақ арзиды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру