Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: 500 ДАНА СӘНДІ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында екі млрд., елді мекендерде он бес млн. ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын.Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда көріктендіру-көгалдандыру жұмыстары қарқын алды.Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт бастаған аудан әкімдігінің және аудан орталығындағы басқа да мекеме қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, орталықтағы Тұрар Рысқұлов көшесінің бойы мен орталық мұражай аумағына 250 дана «ақ қайың» және 250 дана «Слива Писарда» сәнді ағаштарының көшеттерін отырғызып, ауданымыздың көркеюіне өз үлестерін қосты. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар демеушілер есебінен өз жалғасын таппақ.Сонымен қатар, сенбілік аясында мекеме қызметкерлері жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.Бүгінгі сенбілікке белсенді қатысып, ауданымыздың көркеюіне ат салысқан барлық мекеме қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!

Қатысты жаңалықтар

Балғынбек Имаш вакцина салдыруға қатысты айтқан мәлімдемелерін түсіндірді

Bastynews

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 3 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП,6 МЕКТЕПКЕ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

Bastynews

Жаңа әліппенің қашан қолданысқа енетіні белгілі болды

Bastynews

Пікір қалдыру