Санатталмаған

ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

AzatMedia.kz. Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл.
Қазақстан жерінде Ұлы Отан соғысының шайқастары өткен жоқ. Алайда оның барлық кезеңдеріндегі оқиғалар біздің республикамызбен аса тығыз байланысты болды. Қас дұшпанды күйретуге біздің миллиондаған отандастарымыз өздерінің жауынгерлік және еңбек үлестерін қосты.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс адамдардың рухын асқақтатты.
Осыған байланысты мерекенің қоғамдық пікір үшін сақталып отырған мәнін ескере отырып, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы ҰОС-на арналған ескерткіштер мен мемориалдарды тазалап оған көрік беру мақсатында тазалық акцияларын ұйымдастырды.

Қала, кент және ауылдық округтердегі ерікті жастар ұрпаққа баянды болашақ сыйлау жолына арнаған жауынгерлердің ерліктерін айқындайтын, қаһармандықтың символы ретінде орнатылған ескерткіштің жан-жағын тазартып, ақтап, сырлап қайта абаттандырды.


Соғыс ардагерлерінің есімдері мен ерліктерін жадында ұстауды және оның әрдайым көрініс табуын әдеттеріне айналдырған сарыағаштық ерікті жастар сенбілікке жауапкершілікпен қарап, тазалыққа бей-жай қарамайтындықтарын осылай тағы бір дәлелдеді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру