Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Тоқаев 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Токаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалығымен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

«Президент өз сөзінде келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді», – делінген хабарламада.

Тоқаев полиция қызметін цифрландыру, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту, отандық пенитенциарлық жүйенің жағдайын жақсарту қажетін де айтты. 

© akorda.kz

«Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай аясында қылмыстың күшеюіне және түрме субмәдениетінің таралуына еш жағдайда жол беруге болмайды. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесінің проблемаларын шешуде нақты нәтижелерді көрсетуі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Қатысты жаңалықтар

ДЛЯ ПРОДОЛЖЕНИЯ СТРОИТЕЛЬСТВА РАЗВЯЗКИ ВРЕМЕННО ОТКЛЮЧАТ ПРИРОДНЫЙ ГАЗ

Bastynews

Продюсер Криштиану Роналдуды «мамасының баласына» теңеп, Қайрат Нұртаспен салыстырды

Bastynews

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ДЛЯ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СМИ ПРОШЕЛ В ШЫМКЕНТЕ

Bastynews

Пікір қалдыру