Соңғы жаңалықтар

4,8 миллион теңге. Маска тақпағандар айыппұл арқалайды

Azatmedia.kz. Алматылықтарға маска режимін бұзғаны үшін 4,8 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 8 қазаннан бастап Алматыда бақылау топтардың жұмысы қайта жанданды. Олар шектеу шараларының сақталуын қадағалап жатыр.

«2020 жылдың 8 қазанынан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар 1860 нысанды тексерді. 439 нысанда карантиндік, оның ішінде маска режимінің бұзылғаны анықталды.

Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 4,78 миллион теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 113 хаттама толтырылды», – деді Бекшин.

Қатысты жаңалықтар

Президентті «балағаттаған» журналист 18 айға сотталды

Bastynews

How Life Insurance Can Shave Your Capital Gains Tax

Bastynews

АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

Bastynews

Пікір қалдыру