Соңғы жаңалықтар

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар мектепте оқиды

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқиды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында жазылды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес:

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшіріледі;

Ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі.

Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.

Толығырақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынан оқи аласыздар.

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл: ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ

Bastynews

Қазақстанды танытқан таланттар. Ресейдегі ең бай блогер – қазақ.

Bastynews

3500-ден астам адам оқудан өтті

Bastynews

Пікір қалдыру