Басты жаңалықтар

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады (Видео)

Карим Масимов Хабиб

Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.

Қатысты жаңалықтар

“СК-Фармация”-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады

Bastynews

Індетті жұтырғандар қайта көбейіп жатыр: Карантин режиміне оралуымыз мүмкін бе?

Bastynews

ШОК! Саша Коэнды қолға түсірді (ВИДЕО)

Bastynews

Пікір қалдыру