Соңғы жаңалықтар

Жээнбеков премьер-министрдің кандидатурасына қарсы ма?

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламентке Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне тағайындау мәселесін қайта қарауды ұсынды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаңадан сайланған парламент спикері Қанат Исаевқа хат жолдаған.

«Онда премьер-министр қызметіне кандидат Садыр Жапаров ұсынған бағдарламаны бекіту, үкімет құрылымы мен құрамын айқындау туралы Жогорку Кенештің (Парламенттің – ескерту) шешімдерін президент аппараты заңнаманың бұзылуына байланысты парламентке қайтарғаны туралы айтылған. Мемлекет басшысы бұл мәселені Жогорку Кенештің кезекті отырысында белгіленген тәртіппен қарауды ұсынды», – делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

Туған жері әлі нақтыланған жоқ

Bastynews

БӘЙДІБЕК: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА СӘЙКЕС АУДАНЫНДАҒЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АУЫСТЫРЫЛАДЫ

Bastynews

Шымкент: Құдықта бірнеше жылдан бері жатқан әйелдің мәйіті табылды

Bastynews

Пікір қалдыру