Санатталмаған

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА АТТАНДЫ

AzatMedia.kz. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандары Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстан Республикасының Сырдария облысына аттанды.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кезекті брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, тасқын суды тоқтату бойынша Қазақстаннан барған топ тиісті министрлік өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Суды жіберу жұмыстарын бір жүйеге келтірмек.
«Арнайы топ Өзбекстанның су министрі Хамраевпен және Сырдария облысының басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Жалпы бұл жағдай екі елдің үкіметі тарапынан талқыланып, шешілмек. Соңғы мәлімет бойынша бүгінгі күнге дейін ауданға 300 млн текше метрге жуық су келген. Мұндай көлемдегі су бұрын болмаған. Аудандағы қауіп әлі сейілген жоқ. Өйткені Өзбекстан тарапынан әлі қанша су келетіні белгісіз. Себебі Өзбекстанмен су туралы мәлімет алмасу бір жүйеге келтірілмеген. Кездесу нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз», – деді Сәкен Қалқаманов.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда аудандағы Фердоуси ауылын толықтай су басқан. Мырзакент ауылын да толықтай су басып қалмас үшін бөгет салынуда. Мақтаарал ауданында тағы су тасқыны болуы мүмкін деген жеті елдімекен анықталып, ондағы мал басы басқа жаққа айдалып жатыр. Ал су басқан ауылдардан 3 115 сиыр, 1 101 жылқы, 585 қой, 34 түйе көшірілген. Суға кеткен малдың саны әзірге белгісіз. Бұл жұмыстарға тасқын судың әлі де тоқтамай тұрғаны қолбайлау болуда. Өлген мал басын санау алдағы уақытта жүргізілетін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру