Басты жаңалықтар

Армения мен Әзербайжан соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

Армения азербайджан

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты 10 қазан сағат 12:00-ден бастап тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Лавров қақтығысты тоқтатудың нақты ережелері бөлек келісілетінін айтты. 

«Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы ЕҚЫҰ Минск тобының төрағаларының көмегімен бітімгершіліктің негізгі қағидаттары негізінде бейбіт келісімге тезірек жету мақсатында субстантивті келіссөздерді бастап жатыр», – деді Лавров.

Баку мен Ереван Қарабақта қақтығысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқандар мен тұтқындармен алмасуды бастауға келісті.

Ресейде, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамовтың Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздері аяқталды, кеңесу 10 сағаттан аса уақытқа созылды. Кездесу толығымен жабық форматта өтті, келіссөздер басталғанға дейін тараптар мәлімдеме жасаған жоқ.

«Тараптар келіссөздер процесі форматының өзгермейтінін растайды», – деді Лавров. 

Кездесу нәтижесінде бірлескен құжат келісілді.

Қатысты жаңалықтар

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

Қаршадай қазақ баласы айрықша жаңалық ашты

Bastynews

Тоқаев туды балконға ілуге рұқсат беру ұсынысын қолдады

Bastynews

Пікір қалдыру