Соңғы жаңалықтар

Енді өзгелердің нөміріңізді қалай сақтап қойғанын біле аласыз

Сарапшы телефон нөмірін өзгелердің қандай атпен сақтап қойғанын білудің жолын атады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Роскачество» сандық сараптама орталығының жетекшісі Антон Куканов «Прайм» агенттігіне берген сұхбатында телефон нөмірінің өзгелердің қандай атаумен сақтап қойғанын білудің тың тәсілін айтты. Оның айтуынша, мұны арнайы қосымшалардың көмегімен анықтауға болады. Бірақ ақпараттық қауіпсіздікке кепіл жоқ.

«Мұндай қосымшаның ең жарқын мысалы — GetContact. Бірнеше жыл бұрын ол App Store орыс тілді сегментіндегі ең жоғары танымалдыққа ие қосымша болатын», — деді сарапшы. Ол бұл қызметтің бастапқыда спам қоңырауларды есептеу үшін жасалғанын атап өтті. Алайда қазір бағдарлама негізінен адамның басқа адамдардың телефонында қалай жазылғанын анықтау үшін қолданылады.

Қатысты жаңалықтар

Жарылып кету қаупі жоғары смартфондар белгілі болды

Bastynews

ШЫМКЕНТ ЗАНИМАЕТ 5 МЕСТО ПО ПРИЕМУ ТУРИСТОВ В РЕСПУБЛИКЕ

Bastynews

ABA Survey Shows 90% American Prefer Online Banking

Bastynews

Пікір қалдыру