Соңғы жаңалықтар

Мұнай-газ саласының алпауыты жұмысшыларын 10 пайызға қысқартпақ

Мұнай-шаз саласындағы алпауыттардың бірі «Shell» коронавирус пандемиясының салдарынан бизнесті қайта құру аясында қызметкерлердің бір бөлігін жұмыстан шығарады, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, қызметкерлердің 10 пайызы немесе тоғыз мыңға жуық адам 2022 жылдың соңына дейін қысқартылады. Олардың құрамына 2020 жылы ерікті түрде қысқартуға келіскен 1,5 мың қызметкер кіреді. 2023 жылға қарай компания шығындарын жылына 2-2,5 миллиард долларға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.

Агенттік атап өткендей, коронавирус дағдарысы жасыл энергияға көшуді тездетеді. Бұл, өз кезегінде, компаниялардың жұмысшыларын қысқартуға, шығындарды ққайта есептеуге және дивидендтерді азайтуға итермелейді.

Қатысты жаңалықтар

«Енем ұрып, дарға асты» – алып қашу құрбаны

Bastynews

«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Bastynews

Шымкент: ХҚО қызметті «делдалсыз» алуды үйретеді

Bastynews

Пікір қалдыру