Басты жаңалықтар

Коронавирустан алтын маска арқылы қорғанып жүрген азамат пневмониядан көз жұмды

Алтын маска

Алтын маскаға тапсырыс берген Үндістан кәсіпкері коронавирус жұқтырып, пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Neonomad.kz  сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында түратын Шанкар Кураде коронавирус жұқтырған және пневмониядан қаза болған.

Шілде айында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын бір килограмм алтын тағып жүруге дағдыланған 49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 грамм болатын алтын маскаға тапсырыс бергені туралы жаңалықтар пайда болды, оны жасау үшін 8 күн қажет болды. Бұл кішкентай тері тесігі бар жұқа маска, ол дем алуға мүмкіндік береді.

«Бірақ оның тиімділігіне қатысты жәй ғана маска тағып жүру жеткіліксіз екенін білеміз, қашықтықты да сақтау қажет. Сондықтан, алтын маскада көшеге шыға отырып, мен де әлеуметтік қашықтық шараларын тиісті түрде сақтаймын», – деген еді Кураде.

Қатысты жаңалықтар

Алматы: Енесі келінін сабаған (ВИДЕО)

Bastynews

Алимент төлемегендерді қандай жаза күтіп тұр?

Bastynews

Тойдағы шу. 500 қонақ тексерушілерге шабуыл жасаған

Bastynews

Пікір қалдыру