Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 40 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Оның 40-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 256-сы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, облысымызда 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің ұйғарымымен Түркістан облысында тұратын Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, яғни 40 адамға 1 млн. теңгелік бір реттік материалдық көмек берілмек.

Сонымен қатар, ҰОС-на қатысушына теңестірілген 1 адамға 100 мың теңге, соғыста қаза болған жауынгерлердің жұбайлары 80 адамға 30 мың теңгеден, ҰОС мүгедектерінің әйелдері 170 адамға 30 мың теңгеден, тыл еңбеккерлері 7997 адамға 30 мың теңгеден; кәмелетке толмаған тұтқындар 3 адамға 60 мың теңгеден, блокадалық Ленинградтың тұрғыны мен концлагерьлердің тұтқыны болған 2 адамға 60 мың теңгеден қаржылай көмек беру жөнінде шешім қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үйлерді жөндеу мәселелері де қарастырылуда. Бұл ретте Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері Р.Джумагуловқа 2020 жылдың 7 ақпанында жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй берілгенін айта кеткен жөн.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру