Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда темекі қымбаттады

сигареты

Қазақстанда бір жылда темекі 13 пайызға дейін қымбаттады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, қыркүйек айының басында бөлшек сауда нүктелеріндегі бір қорап темекінің құны 489 теңге болған, яғни бір жылда 12,7 пайызға дейін қымбаттаған.

«Ең қымбат темекі Ақтөбе (534 теңге), Нұр-Сұлтан (521 теңге) және Тараз (506 теңге) қалаларында тіркелген. Ал ең арзан темекілер Петропавл (468 теңге), Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 теңге) қалаларында тіркелген», – делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Қатысты жаңалықтар

«Боратты» алып тастайды

Bastynews

ТҮЛКІБАСТА КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІБІН БАСТАП ОТЫР

Bastynews

АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН БИЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Bastynews

Пікір қалдыру