Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттің көмегі қазығұрттық кәсіпкерлерге қолдау болып жатыр

Қазығұрттық кәсіпкер мемлекеттің қолдауының арқасында 3 адамды жұмыспен қамтып отыр, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округінің тұрғыны Медеубаев Арман Арапбайұлы ағымдағы жылдың наурыз айында «Ауылшаруашылығын қолдау» фондынан 6 миллион теңге несие алып, жиһаз жасауға қажет құрал-жабдықтар сатып алған. Артынша жиһаз жасау кәсібін ашқан.

Кәсіпкер қазір асханаға, жатын бөлмеге арналған жиһаздар жасап шығаруда. Қалған қаражатқа үй алдынан жиһаз сататын дүкен де ашқан. Сұраныс күн сайын артып келеді. Арман Арапбайұлы болашақта ірі қалалардан дүкеннің бөлімшелерін ашып, кәсібін кеңейтуді мақсат етіп қойған.

«Мен бұл кәсіп жайлы көп ойландым. Несие алып қайтару жағын да қарастырдым. «Не бел кетеді, не белбеу кетеді» демейтін бе еді? Бар күш жігерімді жинап, осы кәсіпті бастадым. Алдағы уақытта осы кәсіпті үлкейтуге барымды саламын» – дейді кәсіпкер.

Қатысты жаңалықтар

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы

Bastynews

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «IKOMEK 109» ОРТАЛЫҒЫ ӨЗІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ

Bastynews

Sed ut perspiciatis unde omnis iste natus error sit voluptatem

Bastynews

Пікір қалдыру