Соңғы жаңалықтар

Жалған ақпарат таратқандар 2 жылға дейін сотталады

Түркияда коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған адамдар жайлы жалған ақпарат таратқандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, азаматтардың белгілі бір санаты науқастарды, әсіресе жеке сектор қызметкерлерін оқшаулаудың экономикалық салдарын болдырмауға үміттеніп, полиция мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен байланыстары туралы ақпаратты жасырғанды жөн көреді.

Енді мұндай әрекеттер заңға қайшы және жалған ақпарат таратқандар Түркияның Қылмыстық кодексінің 206-бабына сәйкес 3 айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін.Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда коронавирусқа шалдыққандар саны 309 790 адамнан асты.  

Қатысты жаңалықтар

«Төреғалидің тоқалы» туралы не білеміз?

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕГІ «ФОСФОР» АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР РЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Bastynews

Қызылжар ауылдық округі электр қуатымен толық қамтылған

Bastynews

Пікір қалдыру