Басты жаңалықтар

Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін ВИДЕО-ға түсірген

Актобе

Әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары арасындағы төбелес видеосы пайда болды. Қақтығыс Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы SkifNews сайтына сілтеме жасап

Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін ВИДЕОға түсірген

Алдымен екі жасөспірім бірін-бірі киімінен ұстайды да сөзбен айтысады, содан кейін біреуі екіншісін жерге сүйрейді.  Екінші видеода үшінші қыз жеңілген сыныптасының басын тізесімен басқан.

Облыстық полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.

«Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

«БЗЖҚ біріккен тұста өте қызық жағдайда 90 млрд теңге жоғалып кетті» – қоғам белсендісі дабыл қақты

Bastynews

Қазақстандағы жаңа дәретхананың бағасы 23 миллион теңге

Bastynews

Үздік мектеп үлгілі оқушыларды шақырады

Bastynews

Пікір қалдыру