Ақпарат

53 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кетті

Пожар

Солтүстік Қазақстан облысында өртенген үйден 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Айыртау ауданының Константиновка ауылында болған.

Екі пәтерден тұратын тұрғын үй отқа оранған. Үйдің шатырын, пәтерлердің төбесін қызыл жалын шарпып, бүлдірген. Өрттің жалпы аумағы – 75 шаршы метр.

Тілсіз жау үйдің екінші жартысына жетпей ауыздықталып, толық сөндірілді.

«Оқиға орнынан үй иесінің денесін таптық. Өрттің себебі – отты пайдаланғанда абай болмау. Темекінің тұқылы тез тұтанғыш затқа түсіп кеткен», – деп мәлім етті ведомство.

Қатысты жаңалықтар

ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ

Bastynews

ШЫМКЕНТ: 90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Bastynews

Қазығұртта әлеуметтік көмек

Bastynews

Пікір қалдыру