Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамитов: «Кешірім сұраймын»

Куат Хамит

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің әлеуметтік желіде тараған видео-үндеуіне қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жақында ғана дезинфекция жасайтын мамандарды ұрып, аспанда тікұшақ көрсе, автоматпен ату керегін айтқан болатын.

Енді белгілі спортшы ол сөзінің әзіл екені мәлімдеді. Кезекті видео-үндеуде ол «Дезинфекция туралы тараған видео қалжың ретінде түсірілген. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» дейді.

Айта кету керек, бұған дейін оның аталған видеоға байланысты үш жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ИМПОРТТАН ЭКСПОРТҚА НАҚТЫ ҚАДАМ

Bastynews

«Осы қазақтың пікірі ажал құштырды» – Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі дауға қатысты пікір білдірді

Bastynews

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ КӨЙЛЕГІ

Bastynews

Пікір қалдыру