Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй саудасы қызып тұр

Тамыз айында үй сату мен сатып алу бойынша 30 мыңнан астам келісімшарт жасалған, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жарты жыл бұрын тұрғын үй нарығы тұралап қалған болатын. Дегенмен еліміздегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін ахуал жақсарды. Атап айтсақ, тамыз айының қорытындысы бойынша жоғарыда аталған көрсеткіш шілде айымен ғана емес өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда да жоғары болып отыр.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша, тамызда үй сату мен сатып алу бойынша барлығы 30 172 келісімшарт жасалған. Бұл шілде айымен салыстырғанда 13,1 пайызға, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғары.

Қатысты жаңалықтар

Члены партии AMANAT встретились с жителями жилого массива Орманшы и коллективом школы №74

Bastynews

РЕТСІЗ САУДА ЖАСАУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 20 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Bastynews

Пікір қалдыру