Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсендісі: «Білім жүйесі қирап жатыр»

Қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желіде еліміздегі қашықтан оқыту жүйесіне қатысты өз пікірімен бөлісті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратық порталы.

Қоғам белсендісінің пікірінше, төменгі сыныптарға қашықтан оқыту жүйесі мүлдем тиімсіз. Себебі, бұл жастағы оқушыларға мұғалімнің рөлі шамамен 70%, ата-ана рөлі 20% және сыныптастардың рөлі 10%-ды құрайды. Олар бұл жаста өз мүмкіндіктері мен әлемді тани алмайды.

Ол орта буын және жоғары сыныптар турасында: «Орта буын сыныптары (5-8), мұғалімнің рөлі шамамен 50%, сыныптастар рөлі 20%, ата-ана рөлі 15% және өз бетімен дайындалу 15%. Сондықтан, бұл жаста күндізгі оқу мен қашықтан оқытудың арақатынасы шамамен 70% күндізгі және 30% қашықтан болуы тиіс.

Жоғары сыныптарда (9-11), мұғалім рөлі 20%-ға дейін, сыныптастар рөлі 30%-ға дейін өседі, өз бетімен дайындалу 40%, ал ата-ана рөлі максимум 10%-ға дейін төмендейді. Сондықтан, бұл жаста қашықтан оқытудың үлесін 50%-дан 75%-ға дейін арттыруға болады» дейді.

Қоғам белсендісі еліміздегі білім жүйесі қирап жатыр деп есептейді. Ал оның қатері Covid-пен ауырып шығудан да ауыр.

Қатысты жаңалықтар

Қызметкерлеріне қол көтерген «полиция басшысына» қатысты тың дерек шықты

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Bastynews

ҚАЖЫМҰҚАНҒА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ

Bastynews

Пікір қалдыру