Соңғы жаңалықтар

Үнді-қытай шекарасында атыс болды

Шығыс Ладакхтағы үнді-қытай шекарасында атыс болды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Reuters порталына сілтеме жасап.

Атыс нәтижесінде ешкім жарақат алған жоқ. Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі таратқан дерек бойынша, Үндістанның әскерилері Пангонг-Цо өзені маңындағы Қытай шекарасын кесіп өтпек болған. Сондықтан қытайлық әскерилер оқ атып, ескерту жасаған.

Үндістанның Қорғаныс министрлігі басқаша мәлімдеме жасады. Оның дерегінше, оқиға керісінше орын алған. Қытайлық әскерилер Үндістан бақылауындағы аймаққа жақындаған. Бірақ кейбірі мұндай қадамға қарсылық танытып, өзара жанжал туады. Артынша оқ атылған.

Бұған дейін Пекин мен Нью-Дели арасында бір-біріне оқ атпау туралы келісім болған еді. Екі ел шекарасында даулы аймақ бар. Үндістан мен Қытай Кашмирдің солтүстік шығысы мен Аруначал-Прадеш штатының солтүстік бөлігіне қатысты әлі де келісімге келген жоқ.

Қатысты жаңалықтар

Бюджеттен 11 миллион жымқырған әкім құрықталды

Bastynews

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті қалыптастыру – басты мақсат

Bastynews

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Bastynews

Пікір қалдыру