Санатталмаған

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

AzatMedia.kz. Мархабат Құдайбергенова Шымкент қаласын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына елеулі еңбегін сіңірген азаматша деп айтуға болады.

Бұлай дейтініміз, Мархабат Ақанқызы бұл жұмысқа осыдан тура 13 жыл бұрын кірісті. 2007 жылдың сәуір айынан бері «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нде жұмыс жасап келеді. Мархабат 4 баланың анасы. Асыраушысынан айырылған ол балаларының қамы үшін ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Мархабат Құдайбергенова бүгінгі таңда жұмысшылардың жағдайы жақсы екенін жеткізді. Жалақы баяғыдай аз емес, бұған қоса уақтылы төленетіндігін айтты.

«Төтенше жағдай кезінде жұмысшылар тиісті санитарлық-тазалық құралдарымен қамтамасыз етілген. Біздің тарапымыздан жұмысқа уақтылы келіп, адал еңбегімізді атқарсақ болды», – деді ол.

Сондай-ақ, жұмысшылардың жағдайын қашан да бақылауда ұстайтын кәсіподақтарға Мархабат Ақанқызы алғыс айтуды да ұмытпады.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру