Басты жаңалықтар

Орал тұрғыны 14 жастағы оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған

педофиль

Кәмелетке толмаған жасөспірімге сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған 23 жастағы Орал тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайытна сілтеме жасап.

14 жастағы қыз 3 қыркүйекте тәртіп сақшыларына шағым түсірген.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның тамыз айының ортасында болды деп отыр. 14 жастағы қыз 3 қыркүйекте тәртіп сақшыларына шағым түсірген. Артынша күдікті анықталып, ұсталды. 

Қазіргі кезде ҚР қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөліміне («Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау») сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Кінәсі толық дәлелденген адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге айырылады немесе бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан жазасы қарастырылады. 

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 1 қараша күні 442 адамнан коронавирус анықталды

Bastynews

«Мен оны қаламадым, Тоқаев солай шешті» – Елбасы тарихи оқиғаға қатысты пікір білдірді

Bastynews

Мақпал Жүнісованың жас кезіндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Bastynews

Пікір қалдыру