Спорт

Неймар коронавирус жұқтырды

Неймар

Франциялық «Пари Сен-Жерменнің» бразилиялық футболшысы Неймардан коронавирус табылды, – деп хабарлайды Azaтmedia.kz апараттық порталы  L’Equipe сайтына сілтеме жасап.

Клуб командада COVID-19 жұқтырудың үш жағдайы анықталғанын растады, бірақ ойыншылардың аты-жөндерін жарияламады. Газет тілшілерінің жазуынша, науқас футболшылар – Неймар, Анхель Ди Мария және Леандро Паредес.

Бұған дейін L’Equipe ПСЖ-ның бірқатар ойыншысы бірнеше күн демалыста Ибицада болғанын, содан кейін олар Парижге оралғанын хабарлаған. Олардың қатарында жоғарыда аталған футболшылар да болған. Олар сол жерде вирус жұқтырған болуы мүмкін. Енді ойыншылар бір апта карантинді сақтайды.

ПСЖ-ның келесі матчі 10 қыркүйекте өтеді. Франция чемпионатының екінші туры аясында париждіктер «Ланспен» кездеседі.

Қатысты жаңалықтар

АСЫҚ АТУДАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Bastynews

Қазақ-қырғыз «Көкпар» Федерацияларының басшылары кездесті

Bastynews

ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР СТЕНД АТУДАН 18 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Bastynews

Пікір қалдыру