Шоу-бизнес

Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандарға 41 мың теңге айыппұл салынды

Әли Окапов

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай біраз уақыт бойы өз қарым-қатынастарын барынша жасырып келді деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Алайда, әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың тойының суреттері тарап кеткен еді. Мерекелік кештің Атырауда карантин кезінде өткені анықталды.

«19 тамызда Атырауда карантин талаптарына қарамастан той өткізуді ұйымдастырғандарға 15 АЕК (41 мың теңге) айыппұл салынды», – деп жазылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 19 тамыз күні желіде Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойынан суреттер тарап, Әли Оқапов екеуінің расымен шаңырақ көтеріп жатқаны белгілі болды.

Қатысты жаңалықтар

Баян Алагөзова: «Көңілге тиетін ауыр сөз айтады» (видео)

Bastynews

Қайрат Нұртастың жұбайымен түскен видеосы қызу талқыға түсті (видео)

Bastynews

Қарақаттың алтыншы қызы

Bastynews

Пікір қалдыру