Санатталмаған

РУСЛАН ЖАНПЕЙІСОВ ҚАМАУДА ОТЫР

Бұрын блогер Руслан Жанпеисов ретінде белгілі болған Бибарс Раимбеков әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік қамауға алынды.

Нақтырақ айтсақ, 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Қапал-батыр» көпірінің жанындағы блок-бекетте полиция қызметкерлері басқа да көліктермен қатар «Опель» жеңіл автокөлігін тоқтатқан. Карантиндік іс-шаралар кезінде қалада жүріп-тұруын тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі Раимбеков «Adil Stroy Project» ЖШС-нің заңгері екендігі туралы анықтама көрсетіп, сол анықтама негізінде полиция қызметкерлері оны кедергісіз өткізу тиіс екенін айтқан. Ал аталған ЖШС-ның қала аумағында қазіргі уақытта ешқандай жұмыс жүргізбейтіндігі анықталады.

«Блогер тексеру кезінде құқық тәртібін бұзуды арандата бастады. Құжаттарын тексергеннен кейін, ол әлеуметтік желілерде бейнежазба мен трансляция жасап, полицейлердің блок-бекетте қызмет атқаруына кедергі келтірді.

Бибарс Райымбековке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) және 478-бабы (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 14 сәуірде бейнеконференцбайланыс форматында өткен сот процесінде судьяның шешімімен төтенше жағдай режимін бұзушыға «10 тәулікке әкімшілік қамауға алу» тағайындалды», – делінген Шымкент қаласы полияция департаментінің ақпаратында.

Сондай-ақ, сотпен азамат Раимбековтың құқық қорғау органдары қызметкерлеріне енгізілген төтенше жағдай туралы өз наразылығын білдіре отырып, өзінің жағымсыз эмоцияларын тікелей эфирде көрсетіп, төтенше жағдай жарияланған аумақта қызметтік міндеттерін атқарып жатқан лауазымды тұлғаларға кедергі келтіргені үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу шарасы тағайындалған.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру