Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар автобусы аударылды

26 тамыз күні сағат 05:58-де Түлкібас ауданындағы Машат ауылынан 4 шақырым жерде, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар күре жолында ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды Azatmedia.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы-Сарыағаш» бағытымен келе жатқан «Yutong» маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып, жанымен құлаған. Автобус салонында 34 адам, соның ішінде жеті бала болған.

Көлік жанармайы төгілген жоқ. Жол-көлік апаты салдарынан, сағат 07:35-тегі жағдай бойынша, Сайрам ауданының орталық аудандық ауруханасына 17 адам жеткізілді, соның ішінде 6 адам ауруханаға жатқызылды, соның ішінде екеуі – ауыр жағдайда, арасында балалар жоқ. Қалғандары тексерілген соң, үйлеріне жіберілді. Қаза тапқандар жоқ.

Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері барды.

Қатысты жаңалықтар

ДЕРБІСЕКТІҢ МАҚТАНЫШЫ

Bastynews

Қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу

Bastynews

Доллар тағы қымбаттап барады

Bastynews

Пікір қалдыру