Әлем жаңалықтары

Лукашенко резиденциясына автоматпен келді. Ғимарат алдында халық қаптап тұр

Лушенко

Белоруссия президенті Александр Лукашенко ресми резиденциясына мұздай қаруланып келді деп хабарлайды  Azatmedia.kz  «Пул первого» телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Үстінде оқ өткізбейтін күртеше, қолына “калашниковты” қапсыра ұстаған Лукашенко тікұшақтан түсе сала төңірегін шолып шықты.

Артынша жанындағы көмекшілерінен “арғы жақта ешкім қалмады ма?” деп анықтап алды да, ішке еніп кетті.

Лукашенконың тап тұмсығының алдында наразылық танытқан ел топтаса бастаған. Әскерилер ғимаратқа тақау келген жұрттың жолын бөгеген. “Президентке бағынышты күш құрылымдары: омон мен арнайы техника, оның ішінде су атқыштардан аяқ алып жүре алмайсыз”, – дейді оқиға орнынан хабар таратып жатқан журналистер.

Белоруссиядағы президент сайлауы әділетсіз өтті деп санайтын жүздеген, мыңдаған адам Лукашенконың кетуін талап етуде. Митингілер 23 тамыздан бері толастар емес. Tut.by дерегінше бүгін Тәуелсіздік алаңында жиналған беларусьтердің саны 100 мыңнан асып жығылды.

“Қылмыскер!”, “Масқара!”, “Сенің орның түрме!”, “Кет!” дейді ашынған халық Лукашенкоға қарата.

Қатысты жаңалықтар

Банкке маскасыз кірген адамға оқ атқан күзетшінің әрекеті жұртты шошытты

Bastynews

АҚШ армияндары Лос-Анджелесте көшеге шықты

Bastynews

Қанға бөккен Қарабақ: Әзірбайжан мен Армения арасында қиян-кескі шайқас басталды

Bastynews

Пікір қалдыру