Санатталмаған

Көршілес елдерге 500 тонна азық-түлік экспортталды

AzatMedia.kz. Сарыағаш ауданының диқандары көршілес елдерге 500 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттап үлгерген.

Бүгінге дейін ауданның тауар өндірушілері Ресейге 60 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Атап айтқанда, Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары 22 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелтті.

Ауданда күніне жүздеген келі өнім жиналуда. Бұл елімізден бөлек көршілес елдерге азық-түлік тауарларын шығаруға жететінін айтады аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. Қазіргі таңда дайын өнімдер республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, және алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта ауданда экспорт көлемін ұлғайтуға байланысты тиісті шаруалар атқарылуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда жоспарға сәйкес 140 га жерге тамшылатып суару тәсілі ендірілді. жылыжай көлемі 12 гектарға ұлғайды.

Бір алқаптан 2-3 рет өнім алу жоспары 92 бірлік болса, жыл басынан жоспардың орындалуы 399 – бірлікке немесе 917,59 га орындалды. 2020 жылы жалпы астықтан 75 мың тонна, майлы дақылдан 2,05 мың тонна, картоптан 80,5 мың тонна, көкөністен 275,7 мың тонна, жеміс-жидектен 14,7 мың тонна және жүзімнен 9,6 мың тонна өнім жинау көзделуде.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру