Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗЕТТІ ІС

AzatMedia.kz. «Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында 50 отбасыға азық-түлік пен бетперде үлестірді.

Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті өнімдер, атап айтсақ, 5 кг күріш, 4 кг макарон, 4 литр май, 2 кг ұн, 1 кг қант, шай, таратылды.

Бұған дейін Түркістан облысының 50 отбасына азық-түлік пен 1000 дана бетперде жеткізілген болатын. Қысылтаяң шақта ұйымдастырылған қайырымдылық шара мұнымен тоқтап қалмай, «Келешек» жастар кеңесі мен Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET бөлімінің жастары #БізБіргеміз акциясы аясында коронавируске қарсы күресу және қорғану бағытында қала тұрғындарына 2000-ға жуық тегін медициналық бетперделер (маска) үлестірді.

Бетперделер шаһарда адам көп шоғырланған орындарда, банктер мен сауда орталығының алдында таратылды. Айта кетейік, «Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арнайы қор құрып, игі іс-шараның өтуіне салалық кәсіподақтар да етене атсалысты.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру