Соңғы жаңалықтар

Нәсібін жерден іздеген тұрғын миллионер атанды

Келестік кәсіпкер пияздан мол табыс тауып отыр, – деп хабарлайды AzatMedia.kz. Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіне қарасты тұрғыны Бакиров Ермекбай 6 жыл бұрын 50 соттық егістік жерді жалға алып, пияз егумен айналыса бастаған. Осы кәсіпке өз ұлдарын баулыған зейнеткер бүгінде егістік көлемін 4 гектарға арттырып, биылдың өзінде 200 тоннадан астам өнім алған.

«Алғашқыда өз жерім болмағасын, өзге тұрғындардың жерін жалға алып осы кәсіпті бастадым. Бүгінде жер көлемін 4 гектарға дейін жеткізіп, бұйырған табысты тауып отырмыз. Әр гектарға алдымен 1 миллионнан астам шығын кетеді. Ол үшін жыл басында мемлекет тарапынан қысқа мерзімді несие аламын. Қазір жиналған пиязды сатып, несиені жауып тастадым» – дейді кәсіпкер.

Қазіргі уақытта аталған өнімді егістік басынан 50 теңгеден өткізіп жатқан қожалық иесі өткен жылы баға бұдан екі есе қымбат болғанын айтып, ойындағы жоспардың толық орындалмай қалғанын да жеткізді. Дегенмен, «еңбек түбі – береке» дегендей, кәсіпкер босқа шығынданбаған көрінеді.

Қатысты жаңалықтар

Алматыда 5 адамды атып тастаған азаматқа қатысты тың дерек шықты

Bastynews

Alice in Dairyland: Why Wisconsin Corn Goes Beyond Livestock

Bastynews

ТҮРКІСТАНДА 6250 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Bastynews

Пікір қалдыру