Санатталмаған

КЕЛЕС: МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын алу үшін ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, көптеген салалар мен адамдардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылды. Осыған орай, келестіктер аудан аумағында тұратын қарт кісілер мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға азық-түлік, керек-жарақтарын алып беріп, көмек қолдарын созуда. «Мейірімді ауылдастар» челленджі аясында атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына кәсіпкерлер, еріктілермен қатар Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы да атсалысуда.
Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Біз біргеміз» акциясы сонымен қатар, «Мейірімді ауылдастар» челленджі аясында Абай аулындағы әлеуметтік жағдайы төмен және отбасында мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға азық-түлік себетін үлестірді. Сондай-ақ, сала мамандары ардагерлерге сақтық шараларын сақтап, мейлінше үйде болу қажеттігін айтты. Департамент өкілдері мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды қолдай отырып, қиын сәтте қоғамға қолдан келген көмекті көрсету азаматтық парыз деп санайды.
Бұл челлендж облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын тауып, халықтың қиын кезеңнен аман-есен өтуіне оң ықпалын тигізуде.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру