Соңғы жаңалықтар

Лукашенко жақтастары кімдер?

Лукашенконы қолдаушылар қатары арта түсуде, деп хабарлайды Azatmedia.kz


«Еуропаның соңғы диктаторы» атанған Александр Лукашенко бүгін Минскде, орталық алаңда өз жақтастарымен кездесу ұйымдастырды.

1994 жылдан бері мемлекет басшысы лауазымын атқарып келе жатқан және қазір алтыншы мерзімге сайланған Александр Лукашенконың саяси тұғырнамасын қолдап, жақтаушылардың қатары артып отырғаны байқалады.

Айта кетейік, 65 жастағы Александр Григорьевич бүгінде Еуропа аумағында билікте ең ұзақ уақыт отырған жалғыз президент аталады. Сайлау барысында оның басты қарсыласы ретінде елдегі белгілі блогер Сергей Тихановскийдің әйелі 26 жастағы Светлана Тихоновская болған.

Қазіргі таңда, елде біршама тұрақтылық орнап, жағдайдың қалыпқа түскені байқалады. Елдің әлеуметтік һәм экономикалық әлеуетін арттыруға мейлінше ден қоятынын мәлімдеген Лукашенкоға қолдаушылары үлкен сенім артатынын білдірген.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» КОНКУРСЫНА ҮМІТКЕРЛЕР ІРІКТЕЛУДЕ

Bastynews

ЖОЛ АҚЫСЫН «МОЙ BEELINE» ҰЯЛЫ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ

Bastynews

Үкімет несиесі бар азаматтардың қарызын жеңілдету туралы тәртіп енгізді

Bastynews

Пікір қалдыру