Соңғы жаңалықтар

Ковид-19: Ең ауыр кезеңнен өттік

Ең ауыр кезеңнен өттік. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер елдегі коронавирус жағдайын қатысты осылай деп мәлімдеді деп хабаралайды ktk.kz

Қазір Қазақстанда Ковид-19 бойынша көрсеткіш едәуір төмендеген.Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте. Эпидемиологтар санитарлық талапты әлі де қатаң сақтауға шақырады. Ауру айылын жиғанымен, әр азамат сақтанбаса, көрсеткіштің қайтадан күрт өсуі ықтимал. Өткен тәулікте елде 741 азаматты осы дерт дендегені белгілі болды. Ал осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңға жуықтады. Оның 72 мың 523-і айыққанмен, өкінішке қарай, 1058 адам бақилық болды. Ал Ковид-19-дың белгілері бар пневмониямен 13 мың 280 адам ауырып, оның 164-і көз жұмған.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

– Жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз індетті жұқтыру мен одан әрі болып жатқан өлімдерді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді айттырмай орындауға шақырамын!

Қатысты жаңалықтар

ӨМІРІ ӨНЕГЕ ОЗҒАНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Bastynews

Оралда ер адам 12 жастағы қызбен төсектес болған

Bastynews

Елбасы «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркеуден өтті

Bastynews

Пікір қалдыру