Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ ТАҒЫ ДА КӨБЕЙДІ

AzatMedia.kz. Шымкент қаласында 2020 жылғы 10 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жаңа жағдайы тіркелді.

Бұл науқастардың барлығы індет анықталған азаматтармен тығыз байланыста болған тұлғалар. Олар осыған дейін стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде.

Ауруға шалдыққан науқастардың жас аралығы: 10 және 11 жастағы 2 бала, 54 және 58 жастағы 2 ересек азаматтар.
Науқастармен байланыста болған – 28 азамат анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Шымкент қаласы бойынша қосымша – 2 ошақ тіркелген. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге алынды. Үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру