Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар жол қиындығын сезінбейді

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде екі елді мекеннің арасын жалғайтын жаңа асфальт жол төселмек, деп хабарлайды azatmedia.kz.

Бірлік ауылдық округіне қарасты Қосөткел елді мекені мен Бірлік елді мекенінің арасын жалғайтын аудандық маңызы бар жол 1,8 шақырымды құрайды. Алдағы уақытта елді мекендердегі кіші орам көшелермен ауылдағы басты көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған жол жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасалып мемлекет тарапынан 29 млн.теңгеден астам қаржы бөлінген. Жол құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер компания «Достық СпецТранс» ЖШС.

Еске сала кетейік, Бірлік ауылдық округі бойынша ішкі жол жөндеу жұмыстарына 15 млн.теңге қаржы бөлініп жылдың аяғына дейін яғни 2020 жылдың соңында қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, аталған қос елді мекен тұрғындары жол қиындығын сезінбейтін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жаңа жол бойына ескертпе жол белгілері орнатылып жол жүру сапасы жақсарады.

Қатысты жаңалықтар

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ ЗАПЛАНИРОВАНО СТРОИТЕЛЬСТВО 113 ОБЪЕКТОВ

Bastynews

Жұмысшылардың екпе алған-алмағаны қашан тексеріле бастайтыны айтылды

Bastynews

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ КӘСІПҚОЙ БАЛУАН

Bastynews

Пікір қалдыру