Жаңалықтар

Белгілі спортшы төбелес кезінде қаза тапты

Түнгі төбелес кезінде 18 жасқа енді толған атыраулық спортшы, грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов көз жұмды. Ол жүрегінен оқ жарақатын алып, оқиға орнында жан тапсырған

Қайғылы оқиға 9 тамызға қараған түні қала маңындағы Дамба және Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде болған.

Атырау облысының полиция департаменті әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Қылмыскердің ұсталған-ұсталмағаны да белгісіз. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбада полиция рейд жүргізген.

Ол грэпплингтен жасөспірімдер арасында алғашқы әлем чемпионы болды. Турнир 2018 жылдың қыркүйегінде  Елордада өтті, Есенбек 46 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп чемпион атанған

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Bastynews

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Bastynews

ҚОҒАМДАҒЫ МАСЫЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ НЕДЕН?

Bastynews

Пікір қалдыру