Санатталмаған

КЕЛЕС: ЕРІКТІЛЕР ЕРЛЕП ЖАТЫР.

Келес ауданында елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданға кіретін және шығатын жол жиектеріне бақылау бекеттері орнатылды.
Сарыағаш ауданынан кіретін Республикалық А-15 автожолы бойына «Біртілек» бақылау бекеті орнатылып, онда әкімдік, полиция және медицина қызметкерлері 24 сағат бойы, кірген және шыққан жүргіншілерге тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Дәл осындай бекет Келес ауданының Мақтарал ауданымен шекаралас аумағына «Ақтөбе» бекеті орнатылып, қызметте жүрген мамандарға барлық жағдай жасалынып берілді. Күні кеше ауданымыздың Шардара ауданымен шектесетін тұсына да «Бірлік» бақылау бекеті тұрғындар қауіпсіздігі үшін орнатылды.
Ел қауіпсіздігі үшін күні-түні қызметте істеп жүрген мамандарға ауданның қалталы кәсіпкерлері тарапынан таңертеңгі, түскі және кешкі тағамдармен қамту жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Еріктілер» клубының қыз-жігітері де ерекше қызметімен көзге түсуде.
Атап айтсақ, өткен сенбіде облысымыздың жалынды жастарының бірі, әлеуметтік желі белсендісі Мамыр Олжастың бастамасымен еріктілер тобы «Ақтөбе» бақылау бекетіндегі азаматтарға тегін ыстық тамақ таратты. Сонымен қатар, «Біртілек» бақылау бекетіндегі мамандарға аудандық еріктілер өз қалауымен кешкі тағам ұсынып, қауіпсіздік киімдерін киіп, бекет жұмысына өз үлестерін қосып үлгерді.
«Ақтөбе» бақылау бекетінің қызметкерлеріне, жергілікті кәсіпкер төтенше жағдай режимі біткенше күн сайынғы 3 мезгіл тағамдарымен қамтамасыз етуді өз мойнына алды.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру