Санатталмаған

Түркістанда тегін маска таратылды

AzatMedia.kz хабарлайды.

Көршілес Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында коронавирус індеті тіркелуіне байланысты, Түркістан облысы аумағында індеттің алдын алу бойынша сақтық шаралары да күшейтілген.

Осы ретте, 30 наурыз күні облыстық “Жастар ресурстық орталығы” қызметкерлері мен «Асар» еріктілер ұйымы Түркістан қаласының шығыс қақпасындағы пост-бекеттегі қызметкерлерге қолдау білдіріп, қала келушілеріне медициналық бетперделер тарату жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, бірнеше мың маска үлестірілген үлгілі іс-шара аясында тұрғындарға сақтық шаралары және карантин кезінде мүмкіндігінше үйде болу жайлы кеңестер айтылды.

Ал қала қонақтары мен тұрғындар бейбіт күнде елдің берекесін алған дертке қарсы күреске сүбелі үлес қосқан ерікті жастар мен қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

#Бізбіргеміз

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру