Санатталмаған

КАРАНТИНДЕ БАНКТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп забарлайды AzatMedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған мерзім аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру