Санатталмаған

ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРҒА ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТТІГІН ТҮСІНДІРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов карантинге жабылған Абай ауданындағы «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабына барып, онда орнатылған бақылау бекетінің жұмысын көріп қайтты, деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Шаһар басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аталған тұрғын алабта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларымен танысты. Қазіргі таңда мұндағы жағдай толық бақылауда. Қала әкімі өз сөзінде тұрғындарға көшелерде негізсіз жүрмеуді, барынша сақтық шараларын ұстанып, бетперде киюді ескертті.

Айта кетсек, Шымкентте коронавирус індетіне қарсы белсенді күрес жүргізілуде. Осы мақсатта Шымкентте 2020 жылдың 28-ші наурызында түнгі сағат 12:00-ден бастап келесі қосымша шектеу шаралары енгізілмек. Атап айтсақ, Шымкент әуежайының, теміржол вокзалының жұмыстары, авиа және теміржол қатынастары тоқтатылып, қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеліп, сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы «тағамдарды үйге жеткізу» режимінде жүзеге асырылады. Ірі сауда орталықтарындағы ойын-сауық аймақтарының, спорт кешендерінің қызметтері уақытша тоқтатылмақ.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру