Санатталмаған

КОРОНАВИРУС: Шымкент әкімі мәлімдеме жасады

Шымкент қаласының әкімі індетке байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды AzatMedia.kz.

«Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласының екі тұрғыны да осы індетті жұқтырған болатын.
Қазір олар қалалық инфекциялық ауруханада емделуде, денсаулықтары – тұрақты.
Ол адамдармен байланыста болған 26 адам карантинге жатқызылып, тест-сараптамасы алынып, нәтижесі күтілуде.
Осы екі азаматтың мекен-жайы Абай ауданы «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы болғандықтан, инфекцияның таралуын шектеу үшін, осы елді мекен 14 күнге карантинге жабылды.

Құрметті жерлестер, осы шаралар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданып отыр.
Сондықтан, осы сын сағатта, түсінікпен қарап, бір-бірімізді сақтауға шақырамын.

Өздеріңіз және жақындарыңыз, қалаға шыққан жағдайда, бетперде киіп, антисептик қолданып, бір-бірлеріңізге көмектесіп, санитарлық тазалықты сақтап, аталған шектеулерді орындайды деген үміттемін.

Біз бірлесіп, осы қиындықты жеңеміз деп сенемін!»

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру