Санатталмаған

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНСАҚ, ІНДЕТ ЖОЙЫЛАДЫ

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялап, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алу үшін 13 – шілде Ұлттық аза тұту күні деп белгіледі.

“Әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл күні қай жерде болмасақ та қаза болған Отандастарымызды еске алуға шақырамын. Біз төзімділік танытып, елімізге қауіп төндірген індетпен күреске күш біріктіруіміз қажет”, – деді Президент.

Бүгінде Шымкентте індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сырқатына ем іздеген науқастарға арнайы орындар жеткілікті. Мұндайда дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтуге тиіспіз.

Президент елдің еңсесін түсірмеу үшін барлық қажетті шараларды қолға алу қажеттігін атады. Әсіресе, елде қолдан қымбатшылық жасағандарға, дәрі-дәрмек пен азық-түлік бағасын орынсыз көтергендерге қатаң жаза қолданылатынын да ескертті.

Қазір бірлігіміз сынға түскен шақ. Мемлекет басшысының бұл Үндеуі өте орынды дер едім. Ендігі ретте сабырлық танытып, сақтық шараларын бір сәт те естен шығармауымыз керек.

Исамуддин РЫСБАЙ,
Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру