Санатталмаған

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН МЫҚТАП ҰСТАНУ ҚАЖЕТ

Әлемдік статистикаға қарасақ, өне бойымызды үрей билейді. Өйткені, мынау індеттің құрығына ілініп жатқандар аз емес. Бірақ, Президентіміз дәл осы кезеңде үрейге бой алдырмай, сақтық шараларын нықтап ұстануға үнемі кеңес беріп келеді.

Ия, пандемиямен күресудің басты жолы – сақтық шарасын қатаң ұстану. Қоғаммен байланысты шектеу. Дегенмен бұл ұсынысты құлаққа ілмей, жалған ақпараттардың жетегіне ергендер де кездесуде. Бұл ащы болса да шындық. Мен өз басым, осындай өз ісіне салғырт азаматтардың салдарынан індет өршіп барады деген ойдамын.

Ал, пандемияның салқыны тиіп қазір ем алып жатқандардың жазылып шығуын жаратқаннан күнде тілеймін. Олардың отбасымен қауышып, ашық-жарқын күндерді бірге өткізсе деген тілегім бар.

Тағдырдың жазуымен бақилық болған арасында менің де қимас көз көрген адамдарым бар. Олардың қайғысы менің де қабырғамды қайыстырып кетті. Сондықтан да 13-шілде «Аза тұту күні» – деп жарияланғаны, өте орынды дер едім. Өйткені, елдің басына түскен осы ауыр жүкті ел болып көтеруіміз керек. Қазақта қайғыны бөліссең азаяды дейді. Осы қайғылы күндер арттқа қалсын деп, сол күні дұға етейік. Көптің тілеуі көл деген емес пе? Баршамыз осы күні Алладан амандығымызды тілейік! Жаратқан ием жар болсын!

Игорь ВЕРБИЦКИЙ,
Шымкент қаласы Орыс драма театрының директоры

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру