Санатталмаған

ТҮЛКІБАС: АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

AzatMedia. Бүгін Түлкібас ауданында ел құптарлықтай тағыда бір игі шара орын алды. Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, «АҚ-СҰҢҚАР» дәмханасының иелері Оңғарбаев Бақытжанмен Маманова Жазира атты жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен, елімізде орын алған қауіпті дерттің алдын алып, тәулігіне 24 сағат қызмет атқарып жүрген Түлкібас аудандық аурухананың 100 (реанимация, пульмонология, жұқпалы аурулар, қабылдау бөлімдерінің) қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырылды.

Халқымызда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей осылайша түлкібастық кәсіпкерлер күн –түн демей, ауа-райының қолайсыздығына қарамай жұмыс жасап жатқан абзал жандар, денсаулық саласының мамандарына қолдау көрсетіп, көңілдерін бір қуантып тастады. Ел игілігі жолында қолға алған бұл бастама көпке үлгі боларлық сауапты іс болды. Сындарлы сәтте ел үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлер осындай бастама бастаған кәсіпкерлерге ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Бұл игі шараға Түлкібас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Мейірім» еріктілер тобының жастары ат салысып, көпшіліктің алғысына ие болды.

 

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру