Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: НАУҚАСТАР САНЫНЫҢ АЗАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАБЫЛДЫ

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды.
Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан болатын.

Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға келушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайды, яғни күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш емделуші келді.

Сондай-ақ, емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың ашылуына байланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі төмендеді. Осы себепті қала әкімдігімен жеңіл атлетика аренасындағы күндізгі стационардың жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.

Айта кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру