Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ІНДЕТПЕН КҮРЕСІП, ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ МАРАПАТЫН ОТБАСЫЛАРЫНА ТАБЫСТАДЫ

Қауіпті індеттің алдын алу және адамдардың өмірін арашалауда жанкешті еңбек етіп, көз жұмған шымкенттік 9 дәрігер мемлекеттік орденмен наградталды.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев өз міндетін абыроймен атқару барысында қайтыс болған дәрігерлердің үйіне барды.

Сондай жанның бірі – медицина саласына қырық жыл ғұмырын арнаған, «№ 1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Ағзипа Тажденова. Ағзипа Насырқызы еңбек жолында абыройлы қызмет еткен, 20 мыңдай науқасты емдеген дәрігер. 3 қыз тарбиелеп өсірген ардақты ана.
Мұрат Дүйсенбекұлы отбасына көңіл айтып, I – дәрежелі «Барыс» орденін дәрігердің жолдасына табыс етті.

– Дүниеден өткен дәрігерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Әрбірі батыр деген атқа лайық. Әрбір отбасыға әкімдік тарапынан барлық көмек жасалады, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қала басшысы Гаухар Бәйменованың отбасына да арнайы барып, көңіл айтты. №1 қалалық клиникалық аурухана МКК-ның аға медбикесі Гаухар Аштайқызы «Құрмет» орденімен наградталды.

Сондай-ақ, «Шымкент – қайырымды қала» қорынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

Мемлекеттік награда табысталған дәрігерлер:

І-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:
Тажденова Ағзипа Насырқызы – «№ 1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
– Күрекбаева Бауыржан Ордабекұлы – «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері

– Мамаев Хасым Махмудович – «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері

– Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы – «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның дәрігері

– Әлмаханова Қафиза Батырханқызы – «№8 қалалық емхана» МКК-ның аға медбикесі

– Байменова Гаухар Аштайқызы – «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның аға медбикесі

– Әуелбаев Тимур Айдарханұлы – «Жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері

Парасат» орденімен марапатталған:

Абдикулова Мариям Қабылбекқызы – «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі

ІІІ-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:

Садиев Орынбасар Алипбекұлы – «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі.

Т. Касымов 
Фото: Серик Косаев

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру